Қорық-мұражайдың құрамында бүгінгі таңда Түркістан қаласы және 12 ауылдық округ аумағында орналасқан 207 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынған. Оның ішінде Халықаралық маңызға ие 1 ескерткіш, Республикалық маңызға ие 16 ескерткіш, жергілікті маңызға ие 14 ескерткіш бар. 176 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне алынған. Аталған ескерткіштерді «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының Түркістан археологиялық экспедициясы барлау кезінде анықтап, мәртебесін алуға ұсынылған. Ескерткіштердің жалпы жер көлемі 567.8885 га.