Саябақтың атауы 1942 жылдың 5 мамырда Мәскеуге бет алған фашист танкілерін тоқтатқан Панфилов дивизиясы мен алматылық батырлардың құрметіне берілді.
Тарихы 1875 жылдан бастау алған саябақтың атауы Старокладбищенский паркі, Пушкин саябағы, Федерация паркі деп бірнеше мәрте өзгерді.
Өткен ғасырдың 70 жылдарында қалада қызықты дәстүр пайда болды. Лауазымды қонақтар және елбасылармен дипломатиялық қарым-қатынас барысында Алматыға сапарларынан естелік ретінде, әскери даңқына және қазақ халқының патриоттығына арнап саябақтың орталық аллеясына жасыл шырша егу қолға алынды.
Елбасылардың аллеясында Ресей, Қытай, Грузия, Қырғыстан, Әзірбайжан мемлекеттерінің елбасыларының шыршалары бар.
Сонымен қатар, саябақ аймағында Азаматтық және Ұлы Отан соғысына қатысқандарға арналған Даңқ мемориалы, Әулие-Вознесен кафедралды шіркеуі, халық аспаптарының мұражайы орналасқан.