«Ақ Бұлақ» тау шаңғы курорты
Overview
Reviews 0

«Ақ Бұлақ» тау-шаңғы курорты Алматыдан 35 км жерде, Талғар тауының бөктерінде орналасқан. Оның географиялық  орналасу жағдайы сапалы демалысқа арналған: биіктіктері теңіз деңгейінен 2600 м-ден 1400 м-ге дейін - климаттық жағдайлары қолайлы, жазда орташа температурасы +15+25, қыста – 2 ден – 15 дейін.

Ақ Бұлақтың төрт арқанды аспалы жолы бар. Қызыл деп саналатын ұзындығы 2,3 км-ге созылған, кәсіби мамандарға раналған 1 – гондол жолы бар, төменгі жолы жаңадан бастаған шаңғышылар мен балаларға арналған. «Ақ Бұлақ» тау-шаңғы курортының аумағында өзі аттас қонақ үй орналасқан.

Бұл жер қыста белсенді демалысқа және жазда туристік серуендерге өте қолайлы.

Бұл жерде шаңғымен және сноубордпен әр-түрлі қиындық деңгейіндегі жолдармен сырғанауға, арнайы жабдықталған жоталарда балаларға  балондармен естен кетпес сырғанақтар ұйымдастыруға, таудың әдемі көрінісін тамашалап және өте таза ауамен тыныстауға болады.  Техниканың соңғы түрімен жабдықталған гондолды, арқанды және  бугелді  көтергіштер асуға көтерілуге жайлы жағдай туғызады.

Алаң аумағында тау-шаңғылы мектеп жұмыс атқарады. «Ақ Бұлақ» ТШК барлық қонақтарға арналған құралдарды жалға беру және қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасайды.

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

"Official audio-guide Almaty Smart City"

"Official audio-guide Almaty Smart City"

Audio-tours, City tours, technology for smart tourism

This story belongs to