Астана қаласының бас мешіті
Overview
Reviews 0

Астана қаласының бас мешіті Қабанбай батыр және Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан.

Мешіт өзінің техникалық көрсеткіштері бойынша бірегей ғимараттар санатына жатады, мұнараларының биіктігі 130 метр, бас күмбездің диаметрі 62 метр, күмбездің үстіндегі биіктігі 83 метр және жалпы сыйымдылығы 30 000 адамнан асады,  еліміздегі және Орталық Азиядағы ең үлкен ғимарат болып табылады. Мешіт мемлекет қаражатынсыз, тек демеушілер есебінен салынды.

Мешіт интерьері дәстүрлі ою-өрнектер мен декоративтік элементтерді қолдана отырып, классикалық қазақ және ислам стилінде жасалған. Ғимараттың жалпы ауданы 68 мың шаршы метрден асады. Мешіттің негізгі ғимараты – үш қабатты ғимарат. Кешенге негізгі намаз залы, вестибюль залы бар бөлмелер тобы, әйелдер намаз залы кіреді.

Туристер мен келушілер мешіттің шығыс бөлігінде орналасқан мұнараларға көтеріліп, 90 және 110 метр биіктіктен панорамалық көріністі тамашалай алады.

Мешіттің жалпы сыйымдылығы 30 мың адам, оның ішінде:

·                        Негізгі ғибадат залына  – 15 мың адам,

·                        Әйелдер намаз залына – 3 мың адам,

·                        Жалпы галереяға – 4,5 мың адам сияды.

Мешіттің ішкі ауласы намаз кезінде бір уақытта кемінде 7,5 мың адамды қабылдай алады.

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

ТЦ

ТОО "Центр развития Астаны"

This story belongs to