Балқаш - Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде орналасқан тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Ауданы құбылмалы: 17-22 мың шаршы шақырым, ұзындығы 600 км-ден астам. Балқаштың батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері құяды. Ал оңтүстік жағалауы көптеген шағын көлшіктердің тізбегімен көмкерілген.