Бәйдібек Қарашаұлы (1356 – 1419) қазақ халқының атақты биі әрі батыры. Шығыс Қаратау төңірегінде өмір сүріп 1419 ж қазіргі Алғабас ауданында қайтыс болып, Балабөген өзені жағасында жерленген. Ежелде орнатылған күмбезі сақталып қалған.
Бәйдібек Ташкент қаласында 1356 ж дүниеге келген. 3 жасында ата анасы жау қолынан қаза тауып, жетім болып қалады. Ат мінгенде желден жылдам, мерген, қара күш балуан, көкпаршы, батыр болыпты.
Бәйдібек өмірі жайлы тарихи деректер негізінде халықта сақталған шежіре, аңыздар және атақты шығыстанушылар Н.Аристов пен Ш.Уәлихановтың жазулары. Сол деректерге сәйкес Бәйдібек көшпенділерді біріктіріп, туған жерді жаудан қорғауға шақырған ірі тарихи тұлға әрі парасатты қолбасшы.
Бәйдібек Әмір Темірдің замандасы әрі серіктесі болған. Сондай ақ ұлы қазақ ақыны, дала философы Асан Қайғының досы болыпты.