Гауһар-ана-ұлы ақын әрі ойшыл Қожа Ахмед Ясауидің қызы. Гаухар ана қайтыс болған күні туралы нақты мәлімет жоқ. Бірақ Ахмед Ясауидың туылған жылы 1101-1103жжмен 20 жасында үйленгенін назарға алар болсақ, Гаухар ана дүниеге келген жылы шамамен 1122-1124 жылдар.
Гаухар ана атақты емші болыпты. Түкпір түкпірден адамдар ем алуға келетін. Өкінішке орай, өзіне ем бере алмай, Гаухар ана бала көтере алмапты. Әкесі Қожа Ахмед Ясауи әр емделген адам сенің балаң деп жұбататын. Ясауи пендешілік өмірден құтқарылып, өзін қылуетте қамағанда, Гаухар ана қайтыс болыпты. Өлер алдында осындай тілек айтыпты - мені інім шейх Ибраһимнің қаны төгілген жерде жерлеңдер. Оны рұксатсыз құдықтан су ішкені үшін қаталдықпен өлтіріпті.
Тағы да бір аңызда Гаухар ана кесенесіне Қожа Ахмед Ясауи қылуетінен жер асты жол бар деп айтылады.
Бұл жерге күнде адамдар келіп, дұға оқиды. Көбінесе тұқым көргісі келетін әйелдер мен отбасылар. Анаға құрмет көрсетіп, құдықтан алынған сумен жуынады. Суы мұздай, бірақ ешкім ауырмайды. Керісінше, көбісі денсаулығын түзеп, тоғыз айдан соң Гаухар анаға алғыс айтып келеді.
2015 ж "Әзірет Сұлтан" мұражайының іс-әрекеті бойынша Гауһар ана кесенесі қайта салынды.