Ұйғыр халқы - ғажайып өзіндік мәдениеті бар ежелгі этнос. Ол тең дәрежеде көптеген этникалық стильде қайталанбас өзіндік өнерімен дарынды.
Халықтың музыкалық-поэзиялық туындыларының шарықтау шегі 12 мұқам, ән, би, саз үшеуін бір бойына тоғыстырған кесек те әмбебап өнерді Наурызбай батыр, 83 үйде орналасқан тұңғыш К. Кужамьяров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театр сахнасынан тамашалауға болады.
2005 жылы өзінің 70-жылдық мерейтойы қарсаңында, театрға композитор, КСРО халық әртісі, профессор, консерваторияның ректоры, тұңғыш "Назугум" ұйғыр операсы мен "Чин-Томур" - балетінің авторы - Кұдыс Кужамьяров есімі берілген.
Театр ғимараты қарағай бағымен шектесіп жатыр. 1933 жылы сәулетшісі И. Буровцевтың жобасымен Дзержинский (қазір Наурызбай батыр) көшесінде салынған, онда Дзержинский атындағы ІІҰК клуб-театры орналасқан болатын. Дәл осы жерге 1969 жылы Ұйғыр музыкалық комедия театры көшіп келді. Ол кеңестік кезеңдегі алғашқы қоғамдық құрылыстардың бірі, үлкен сәулеттік құндылық, конструктивті сәулет стилінің үлігісі болып саналады



