«Қазақстан» қонақ үйі
Overview
Reviews 0

Оң жағында Республика Сарайы оңтүстік астанаға жеңіл жүзіп келе жатқан сияқты және «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты биік әрі әсем. Бұл 102-метрлік төрт жұлдызды қонақ үй, Достық даңғылы 52 орналасқан, Абай алаңының солтүстік бөлігінде, оны іс жүзінде қала оралығынан немесе тәуліктің кез келген уақытында бірден көруге болады. Ашық күні оның биік аттигі күнге шағылысып жарқырайды, алтын тәрізді пісіп жетілген масақ сияқты көрінеді. Түнгі аспанда қызғыл түсті оттқа боялып жанады. Бұл ғимарат бірнеше ондаған жылдар бойы Алматының «визит карточкасы» ретіндегі символдың бірі болып табылады. Оның бейнесін сансыз ашық хаттардан, буклеттерден, кәдесыйлықтардан, тіпті 5000 тенгеден де көре аламыз. Жақында ғана осы «Қазақстан» қонақ үй туралы алматылықтар былай деп айтқан еді: «Биік – тек таулар». Шын мәніндеде 2008 жылға дейін ол қаладағы ең биік ғимарат ретінде саналатын, 168 метрлік көп қабатты Esentai Tower үйі салынғанға дейін. 1978 жылы салынды (сәулетшілері Л.Ухоботов, Ю.Ратушный, А.Анчугов, В.Каштанов), қонақ үй шыменде керемет, әсіресе, оның белсенді сейсмикалық аймақта орналасқанын ескеретін болсақ. Биік ғимарат архитектуралық бірыңғай биік ансамблді ғимараттардың арасында, яғни Абай алаңының маңайында орналасқан. Қонақ үйді салу кезінде керемет технологиялық шешімдер пайдаланылған. Алғаш рет Кеңес Одағында тоғыз балдық сейсмикалық аймақта биік ғимараттарды салу құрылыс орнамадары арқлы емес, жылжымалы қалыптарды пайдалана отырып гидравликалық көтергіштердің көмегімен салды. Негізгі көтергіш конструкциясы болып қаутты темірбетон оқтары, құрастыру дәлізі, баспалдақтары мен лифт шахтасы орналастырылған. Көп қабатты корпус қуатты екі қабатты іргетсы стилобатқа сүйенеді. Қасбетін әрлеу мен рәсімдеуде және көрінісіне кеңінен қолданған табиғи материалдар – гранит, мәрмәр, ұлутас болды. Оның қабаттары жылдам лифттармен қосылған, 86 метр  биіктікте орналасқан, Алатау тауларына әсем көрініс ашылатын кафеге бірнеше минутта жеткізеді.

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

"Official audio-guide Almaty Smart City"

"Official audio-guide Almaty Smart City"

Audio-tours, City tours, technology for smart tourism

This story belongs to