Керей және Жәнібек хандар ескерткіші
Overview
Reviews 0

Керей және Жәнібек хандар ескерткіші

Қазақ хандығының негізін құрушы Керей және Жәнібек хандар ескерткішін қою идеясы Қазақстанның Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Ескерткішті Астана қаласының орталығында – Тұңғыш Президент музейінің саябағында орналасқан.

Ескерткіш 2010 жылы маусымда ашылған.

Ескерткіш іргетаста орналасқан екі күрделі форманы суреттейді. Екі ханның бейнесі еркіндік жеңісін, жаңа хандықтың құрылуын және жаңа өмірдің басталуын білдіреді.

Керей бірінші ханның құқығымен тақта отырған күйінде, хан атынан жаңа ғана түскендей бейнеленген. Жәнібек хан батылдық, мақтаныш және күшті бейнелейді. Сондай-ақ композицияда мүсін элементтерін біріктіретін ұлы хандардың қолында желбіреген ту бейнеленген.

Ескерткіштің негізінен туға дейінгі биіктігі 12 метрді құрайды, Жәнібек ханның пішінінің бойының биіктігі 5,25 метр, тақтасымен бірге – 5,45 метр. Керей ханның отырған пішінінің биіктігі 4 метрді құрайды.

Композицияның барлық элементтері қоладан бірыңғай формаға құйылып жасалған. Ескерткіштің жалпы салмағы – 16,2 тонна. Ескерткіштің авторы – мүсінші Тоқтар Ермеков.

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

ТЦ

ТОО "Центр развития Астаны"

This story belongs to