Әлихан Бөкейханов ескерткіші
Overview
Reviews 0

                                                 Әлихан Бөкейханов ескерткіші

             2017-ші жылдың қыркүйегінде қазақтың рухани астанасы - Семейде Алаш Орда үкіметінің, Алаш қозғалысының 100 жылдығы және қоғам, мемлекет қайраткері, ұлт көсемі, тәуелсіздік жолында жанын құрбан еткен алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханұлының 151 жылдығына орай ескерткіш орнатылды.   Ескерткіштің авторы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжанов. Автор бұл туындыға бір жыл уақытын арнаған. Ескерткіштің астына қойылған тасымен қосып есептегенде мүсіннің биіктігі 5 метрден асады. Әлихан Бөкейханұлы оң қолына асық ұстап тұр, «Асықты ойнамаған бала кемде-кем. Үлкендерімізден «Асығың алшысынан түссін!» деген баталы сөзді естіп өстік. Ендеше Әлихан қолына асық иіру арқылы өзінің туған халқына жарқын болашақ тілеп тұр», - дейді автор.  Әлихан Бөкейханұлының   артындағы орындықта қойылған кітаптар оның жан-жақты, ұшқыр ойлы, қазақ зиялысы болғанын нақтылай түседі. Автор осы ескерткіш арқылы дүйім қазақ халқының биік болмысын көрсеткен.  Ескерткіш «Мәңгілік ел» көшесінде орналасқан.    

 

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

КГУ"Спецбиблиотека для незрячих и слабовидящих граждан г. Семей"

КГУ"Спецбиблиотека для незрячих и слабовидящих граждан г. Семей"

This story belongs to