Әміре Қашаубаев ескерткіші
Overview
Reviews 0

                                              Әміре Қашаубаев ескерткіші

       Қазақтың ән-өнерін асқақтатқан ән атасы Әміре Қашаубайұлының 120 жылдық мерейтойына орай 2008 жылы желтоқсан айында қаламызда Бауыржан Момышұлы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында ұлы тенордың ескерткіші ашылды. Ескерткіш мүсінші Қазтай Нарысовтың жобасы бойынша жасалды. Әміре Қашаубайұлы өзінің шебер орындауымен қазақ даласын алыс-жақын шет елдерде танытқан қазақтың ұлы әншісі. 1925 жылы Париждегі дүниежүзілік сәндік өнер көрмесінде этнографиялық концертке қатысып, қазақтың халық әндерін орындағаны үшін  күміс медальға ие болды.  «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикл» журналы Әміренің сирек кездесетін талант екенін жазды. Сорбонна университетінің профессоры Перно күйтабаққа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Оның әндерін дүниежүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, Анатолий Васильевич Луначарский жоғары бағалаған.

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

КГУ"Спецбиблиотека для незрячих и слабовидящих граждан г. Семей"

КГУ"Спецбиблиотека для незрячих и слабовидящих граждан г. Семей"

This story belongs to