Рабия Сұлтан Бегім кесенесі
Overview
Reviews 0

Кесене атақты ғалым Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегім жерленген жерде салынған. 1451 ж Ұлықбек Рабия мен Әбілқайыр хан арасында неке қидырды. Рабия оның төртінші әйелі болғанымен, біріншісіндей құрметтепті. Өте сұлу, ақылды және саяси зеректігі болыпты. Қарсылас Темір пен Шайбани әулеттері арасында тату сақтағаны үшін, өз халқы және басқа тайпа басшылары аса құрметтеген. Жарының өлімінен кейін Рабия Түркістан қаласында 15 жыл, өзінің соңғы күніне дейін тұрыпты. Кейін жанына ұлы мен үш немересі жерленіпті. 

Рабия Сұлтан Бегім құлпытасындағы жазу біздің күнге дейін сақталды. “Бұл Темір әулетінен, ұлы сұлтан Ұлықбектің қызы аса мейірімді Рабия Сұлтан Бегімнің жатқан жері…” деп жазылған, 

Кесене ежелгі шығыс сәулетінің керемет үлгісі. Ортасы цилиндр пішінде, үсті күмбезді болып салынған. Кесенеде бес бөлме бар. Біздің күнге өте нашар жағдайда жетті. Бірінші зерттеулерді 1954 ж ғалым Шаурин өткізді. 1980 ж жөндеу жұмыстар арқасында ескерткіш өз қалпына келді.       

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

Visit Turkistan

Visit Turkistan

This story belongs to