Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші
Overview
Reviews 0

1945 жылы ресейлік Григорий Булатовпен бірге Рейстагқа жеңіс туын тіккен, атақты қазақ жауынгеріне арналған 11 метрлік ескерткіш Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан.

1945 жылы қазақ жауынгері астананың даласына маңғазданып қолындағы көтерілген жеңіс туымен келеді.

Ескерткіш композициясының биіктігі 6 метр, ал гранит іргетасы – 4,5 метр. Ескерткіш авторы – «Қазақ Елі» монументін жасауға қатысқан, атақты мүсінші Асқар Нартов.

Ескерткіштің іргетасында, батырдың атының үстінде алтын жұлдыз – Қошқарбаевқа өлгеннен кейін берілген, «Халық Қаһарманы» жоғарғы үздік белгісі орналасқан.

Ескерткіштің салтанатты ашылуы 2016 жылы 19 қазанда болған. Рәсімге Рақымжан Қошқарбаевтың қызы – Әлия, атақты жауынгердің немелереі, сондай-ақ лейтенант Қошқарбаев жайлы кітаптың авторы – Қасым Аппасұлы қатыстан. Ескерткіштің салынуының қозғаушысы астаналық әкімдік.

Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі ұзақ жылдар бойы кеңес тарихшыларымен мойындалмаған. Тек қана 2007 жылы Екінші дүниежүзілік соғыста Берлиндегі Рейхстагтағы шабуылда алғашқы туды Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булаторв орналастырғанын ресми түрде мәлім болған. Бұл жауынгерлік әрекетті жасағанда Қошқарбаев 21 жаста ғана еді. Көрсетілген ерліктеріне қарамастан, қазақ жауынгері Кеңес әскерінің ешқандай марапатына лайық болмаған. Бірақ 2001 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қаулысы бойынша Рақымжан Қошқарбаев «Халық қаһарманы» атағымен марапатталған.

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

ТЦ

ТОО "Центр развития Астаны"

This story belongs to