Әулие Вознесенский кафедралды шіркеуі
Overview
Reviews 0

Гоголь көшесі 40-шы үйде орналасқан шіркеу Әулие Вознесенский кафедралды шіркеуі деп аталады. Шіркеу ғасырлар тоғысында эклектиканың  гүлдену шыңына жеткен дәуірінде ХХ ғасырдың басындағы ресей отарлық сәулет өнерінің жарқын үлгісі болып табылады. Мың жарым адамды сыйғызатын шіркеу 1904 жылдан бастап 1906 жыл арасында инженер А.Зенковтың қатысуымен сәулетшілер К. Борисоглебский мен С. Тропаревскийдің жобасы бойынша тұрғызылды. 44,2 метрге көтерілген қоңыраухана, сейсмикалық аймақта орналасқан әлемдегі ең биік ағаш құрылымдардың бірі. Сондай-ақ, "егер біреу шіркеудің толығымен ағаштан жасалғанын білмейтін болса, онда оның қабырғасында қанша тас қуаттың жасырынғанына таң қалар"  деп жазады Ю. Домбровский. Бұл ғимарат әлемнің жүз кереметі тізіміне енгізілген. 1910 жылы желтоқсанда құрылысшылар жұмысын тексергендей апат кезекті соққы жасады. Верный қаласында тағы да 10 балдық жер сілкінісі болды, куәгерлердің айтуынша оның барысында шіркеудің бір жағынан екінші жағына күмбездегі крестер иілгенше тербелді. Бірақ шіркеу болса төтеп берді. 1995 жылы ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың  қолдауымен шіркеу православие епархиясына қайтарылды, діндарлар үшін бұл айтарлықтай маңызды оқиға болды, тіпті шіркеудің ашылу салтанатына Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Алексейдің өзі келді. Шіркеу жанында екі құлыптас сақталған. "Қажетсіз заттардың факультеті" романында Юрий Домбровский, олардың астында Жетісудың губернаторы Г.А.Колпаковскийдің қызы және оның баласы жерленген деп жазған. Алайда, шіркеулік кітаптардағы жазбаларда бұл деректі растайтын айғақтар табылмады. Бүгінде құлыптастар қалалықтар күшімен жөндеуден өткізілді және «Блаженны мертвые, умирающие в Господе» деген жазу бұл жерде ХIХ ғасырда Үлкен Алматы станицасының зираты болғанын еске түсіреді.

Reviews

0.0

0 comments

Provided by

Visit Almaty

Visit Almaty

This story belongs to