20-ғасырдың ұлы суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевқа арналып қола мен граниттен мүсінделген ескерткіш Астананың ең жанданған көшелерінің бірі – Ташенов көшесінің алаңының бойында орналасқан.
Жамбыл Жабаев – қазақтың ұлттық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тумасы, 1846-1945 жылдары өмір сүрген. Ол – қазақ халқының ауызекі шығармашылығының ең мықты өкілдерінің бірі, отансүйгіштік өлеңдер мен батырлар – өз халқының мұңы мен ойын жеткізетін халық қорғаушылары жайлы батырлық жырлардың авторы.
Жамбылдың Ленинград қоршауының батыр қорғаушыларына үндеуі «Ленинградтықтар, балаларым менің» - соғыс жылдарындағы кеңес әдебиетінің ең күшті шығармаларының бірі болып танылған. Жамбыл Жабаев – Алматы қаласындағы 1934 жылы өткен республикалық айтыс лауреаты; 1941 жылғы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ленин және Еңбектік қызыл туы ордендарымен марапатталған.
Ескерткіштің іргетасы Алматы облысы Күрті кен орнынан өндірілген 11 тұтас гранит блоктардан құралған. Ескерткіштің баспалдағы мен алаңы іріктелген гранит тақталарымен қапталған. Ескерткіштің өзі қоладан жасалған. Жалпы биіктігі 12 метрді құрайды.
Ескерткіш авторы – қазақтың атақты шеберлері: мүсінші Нұрлан Далбаев және архитектор Қазыбек Жарылғапов.